994

Маусымның 9-ы күні қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді

Қазақстанның басым бөлігінде жауын мен найзағай болады.
Фотография - Маусымның 9-ы күні қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді Сурет: ©Алмас Төлеке

Синоптиктер маусымның 9-ы күні Қазақстанда болатын ауа райын болжады. Республиканың басым бөлігінде жауын мен найзағай болады деп, хабарлайды Today.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қазақстанның солтүстігі мен орталығында жауын мен найзағай болады деп күтіледі. Ауа температурасы 18-20 градус жылы болады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте екпінді жел шаңды дауылмен болады.

Республиканың батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болжанады. Термометр бағаны 25-27 градусқа дейін көтеріледі.

Елдің шығысы мен батысында күн бұлтты болады. Ауа температурасы 25-27 градус жылы болады. Тек, Жезқазған және Қызылорда облыстарында синоптиктер ауа температурасы 28-30 градусқа дейін көтеріледі деп болжап отыр.

Солтүстік Қазақстан облысында бұршақттың қатты жаууына байланысты дауылды алдын ала ескерту хабарланды.

Астанада күн бұлтты болып, кейбір жерлерде жауын жауады. Ауа температурасы түнде 14-16 градус, күндіз 18-20 градус жылы болады.

Алматы қаласында да жауынсыз ауа райы болжанып отыр. Түнде 11-13 градус, күндіз 25-27 градус жылы болады.

 

Загрузка...