597

Маусымның 15-і күні қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді

Республиканың басым бөлігінде аздаған жауын мен найзағай ойнайды.
Фотография - Маусымның 15-і күні қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді

Синоптиктер Қазақстанда маусымның 15-і күні болатын ауа райын болжады. Ауа райына сәйкес, республиканың басым бөлігінде аздаған жауын мен найзағай болады деп, хабарлайды Today.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр мен найзағай, әлі де Қазақстанның көптеген облыстарында күтілуде. Бірақ ауа температурасы осы ретте климаттық нормадан 3-5ºС жоғары, өйткені орныққан оңтүстік батыс тропосфералық ағындармен бірге Қазақстанға  Иран  аудандарынан өте жылы ауа келуде»,-деді метеорологтар.

Астанада синоптиктер көшпелі бұлт шығып, аздаған жауын жауып, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай ауысатын жылдамдығы секундына 9-14 метр болатын жел соғады. Күндіз ауа температурасы 32 градус, түнде 21 градус жылы болады.

Алматыда күн бұлтты болып, аздаған жауын жауып, жылдамдығы секундына 10 метр болатын жел соғады. Күндіз ауа температурасы 30 градусқа көтерілсе, түнде 18-20 градус жылы болады.

Загрузка...