627

Маусымның 19-ы күні қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді

Республиканың басым бөлігінде жылы ауа райы күтілуде.
Фотография - Маусымның 19-ы күні қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді Сурет: ©Арман Мұқатов

Синоптиктер маусымның 19-ы күні Қазақстанда болатын ауа райын болжады. Республиканың басым бөлігінде жылы ауа райы күтілуде деп, хабарлайды Today.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында найзағйа мен екпінді желге байланысты дауылды алдын ала ескерту хабарланды.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында жауын жауады деп болжануда.

Республика бойынша орташа ауа температурасы 25-27 градус жылылықты құрайды.

Астанада метеорологтар күн болтты болып, найзағайлы жауын болады деп болжап отыр. Ауа температурасы түнде 15-17 градус, күндіз 26-28 градус жылы болады. Алматыда түнде 20-22 градус, күндіз 32-34 градус жылы болады.

 

 

 

Загрузка...