572

Қазақстандықтарды маусымның 21-і күні қандай ауа райы күтеді

Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ болуы ықтимал.
Фотография - Қазақстандықтарды маусымның 21-і күні қандай ауа райы күтеді Сурет: ©Андрей Чеботарев

Синоптиктер Қазақстанда маусымның 21-і күні болатын ауа райын болжады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  көптеген  аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ болуы ықтимал.Тек республиканың оңтүстікте және батысында жауын-шашынсыз  ауа райы күтіледі деп, хабарлайды Today.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, бұршақ болуы ықтимал. Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел скундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Күндіз Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.        

Күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, Оңтүстік Қазақстан,Қарағанды облыстарыныңа кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.

Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан  жел соғады, күші секундына 9-14 метр болады. Ауаның  температурасы түнде 15-17 градус, күндіз 28-30 градус ыстық болады.  

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші секундына 0-5 метр болады. Ауаның температурасы түнде 18-20 градус, күндіз 31-33 градус ыстық болады.         

 

Загрузка...