602

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қазақстан Президенті барша қазақстандықтарға зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.
Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады Сурет: akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады деп, хабарлайды Today.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап. Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарға зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.

«Баршаңызды қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Бұл мейрам күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды Рамазан айының аяқталғанын білдіреді. Ежелден исламға тән құндылықтар – бейбітсүйгіштік, жанашырлық пен бауырмалдықтың терең мән-мағынасы осы шуақты күндерде айқын сезіледі»,-делінген хабарламада.

Президент Ораза айтта шын жүректен ақ тілек айтылып, әр адам адами қарым-қатынастың жылылығы мен айналасындағылардың қамқорлығын сезіну үшін қайырымдылық шараларын жасайды деп атап өтті.

«Ізгі ниет пен игі істер қоғамда өзара түсіністіктің орнауына, халқымыздың татулығы мен ауызбіршілігін нығайтуға септігін тигізеді. Бұл – еліміздің одан әрі тұрақты және сенімді дамуының басты кепілі. Бірлік пен татулық жүрегімізде әрдайым бейбітшілік пен жасампаздықтың жылуын ұялатсын! Осы мерекеге орай барша қазақстандықтарға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін! Ораза айт қабыл болсын!»,-деді ҚР Президенті.

 

Загрузка...