832

Маусымның 27-сі мен 29-ы күндері қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді

ҚР барлық облыстарында ауа температурасы көпжылдық орташа мәндерге жуық және кей жерлерде жоғары болады деп күтіледі.
Фотография - Маусымның 27-сі мен 29-ы күндері қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді Көрнекі сурет

Синоптиктер Қазақстанда маусымның 27-сі мен 29-ы күндері болатын ауа райын болжады. Ресейдің Еуропалық бөлігінен бірінен соң бірі жылжыған атмосфералық фронттар Қазақстанда тұрақсыз ауа-райын ұстап тұратын болады. Сондықтан, республиканың көптеген облыстарында кей жерлерде найзағайлы жаңбыр, бұршақ және күшті жылдамдығы секундына 15-25 метр болатын екпінді жел болады деп күтілуде. Ауа температурасы көпжылдық орташа мәндерге жуық және кей жерлерде жоғары болады деп күтіледі деп, хабарлайды Today.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

ҚР барлық облыстарында ауа температурасы көпжылдық орташа мәндерге жуық және кей жерлерде жоғары болады деп күтіледі.  

Астана қаласына ауа райы болжамы

Синоптиктер Астанада маусымның 27-сі күні кей жерлерде найзағайлы жаңбыр, бұршақ жауады деп болжап отыр. Ауа температурасы түнде 14-16 градус, күндіз 24-26 градус жылы болады.

Маусымның 28-і күні күн бұлтты болып, жауын жаумайды. Жылдамдығы секундына 9-14 метр болатын батыстық жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15 градус, күндіз 28-30 градус жылы болады.

Маусымның 29-ы күні күн бұлтты болады. Жылдамдығы секундына  9-14 метр болатын батыстық, солтүстік-батыстық жел соғады. Ауа температурасы түнде 16-18 градус, күндіз - 30-32 градус жылы болады.

Алматы қаласына ауа райы болжамы

Маусымның 27-і күннің екінші жартысында күн бұлтты болып, аздаған жауын жауады. Жылдамдығы секундына 2-7 метр болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20 градус, күндіз - 30-32 градус жылы болады.

Маусымның 28-і күні күн бұлтты болып, кейбір жерлерде жауын жауып, найзағай болады. Жылдамдығы секундына 2-7 метр болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 16-18 градус, күндіз - 27-29 градус жылы болады.

Сондай-ақ, маусымның 29-ы күні осындай ауа райы болжанады. Күн бұлтты болып, кейбір жерлерде жауын  жауып, найзағай болады. Жылдамдығы секундына 2-7 метр, кейде секундына 10 метр болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17 градус, күндіз - 27-29 градус жылы болады.

 

Загрузка...