Нұрсұлтан Назарбаев Астананың «жасыл белдеуінің» даму барысымен танысты

Қазақстан
1750
Мемлекет басшысы қырғауылдар мен еліктер жіберудің дәстүрлі шарасына қатысты.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елорданың айналасындағы жасыл аймақты тікұшақпен аралап, оған қырғауылдар мен еліктер жіберудің дәстүрлі шарасына қатысты деп, хабарлайды Today.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап. Сондай-ақ, іс-шара соңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді.

Фото -

Қазақстан Президенті бүгінде Астана маңындағы 80 мыңға жуық гектар жерге ағаш отырызылғанын және 2020 жылға қарай оның аумағы 100 мың гектарға жететінін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев «жасыл желектегі» жан-жануарлар мен өсімдік әлемінің әртүрлілігіне назар аударып, ағаш егуді көбейту жөніндегі жоспарлар туралы айтты.

«Ғалымдар мен орманшыларға атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіремін. Бұл жерде ағаш өсіру оңай шаруа емес. Қазір мұнда үлкен орман алқабы пайда болды. Астананың айналасындағы орман кеңістігі жан-жануарлар мен құстар емін-еркін мекен ететін табиғи алқапқа айналды», – деді Елбасы.

Фото -

Мемлекет басшысы қала маңындағы орман алқабы елорданың қолайлы климатын қалыптастырып, экологиясын жақсартуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Сонымен бірге, Қазақстан Президенті орман алқабының аумағында рекреациялық аймақ салу нәтижелеріне тоқталып, «жасыл желекті» «еліміздің тынысы» деп атады.

«Адамдар осы жерде қанша жыл өмір сүрсе, орманымыз да сонша уақыт тұрады. Бұл – еліміздің байлығы. Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Ол «жасыл дамудың» қағидаттары мен идеясын ұстанатын қала ретінде Астананың имиджін нығайтуға септігін тигізеді. Елорда ішіндегі саябақтар да белсенді түрде жақсартылуда», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Фото -

Елбасы болашақ ұрпақты, өз елінің нағыз патриоттарын тәрбиелеп өсіруде табиғатты сақтаудың және туған жерді құрметтеудің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Фото -

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить