714

Шілденің 10-ы күні қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді

Екі өңірге ескерту жарияланды.
Фотография - Шілденің 10-ы күні қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді Сурет: ©Андрей Чеботарев

Синоптиктер Қазақстанда шілденің 10-ы күні болатын ауа райын болжады. Ауа райына сәйкес, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болуы ықтимал деп, хабарлайды Today.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Екі өңірге дауылды алдын ала ескерту жарияланды. Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында найзағай болып, бұршақ жаууы ықтимал.

Елдің солтүстігі мен батысында ауа температурасы 25-27 градусқа дейін көтеріліп, ыстық болады. Метеорологтар шығыс пен орталықта ауа температурасы 34 градусқа дейін көтеріледі деп болжап отыр. Облыстың оңтүстігінде ауа температурасы 36 градусқа дейін жоғарылайды.

Загрузка...