701

Шілденің 27-і күні қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Фотография - Шілденің 27-і күні қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді Сурет: ©Андрей Чеботарев

Шілденің 27-і күні Қазақстанның солтүстігі мен шығысында және орталығында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Кейбір жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі және бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік аймақтарда таңертең және түнде тұман түсіп, күндіз оүтүстікте шаңды дауыл соғып, республиканың өзге аймақтарында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады деп, хабарлайды Today.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кейбір жерлерінде жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын екпінді жел соғып, таңертең және түнде тұман түседі деп күтіледі. Қарағанды облысында жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жететін екпінді жел соғады. Күндіз Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде секундына 20 метрге дейін жететін шаңды боран соғады.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының кейбір жерлерінде өте қатты ыстық күтіліп отыр.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кейбір жерлерінде өрт қаупі сақталады.

 

 

Загрузка...