966

Тамыздың 3-і күні қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді

Республиканың батысында, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста және солтүстік-шығыста жауын жаумайды.
Фотография - Тамыздың 3-і күні қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді Көрнекі сурет

Тамыздың 3-і күні Қазақстанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағайлы жауын жауып, екпінді жел соғып, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Республиканың батысында, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста және солтүстік-шығыста жауын жаумайды деп, хабарлайдыToday.kz ҚР ІІМ ТЖК-не сілтеме жасап.

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел күтіліп, кей жерлерде екпіні секундына 25 метрге дейін жетіп, бұршақ жауып, үдемелі боран соғуы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және күндіз тұман түсуі ықтимал.

Жамбыл облысының кейбір жерлерінде жылдамдығы секундына 20 метр болатын жел күтіліп, күндіз екпіні секундына 28 метрге дейін жетіп, бұршақ жауып, дауыл соғады деп күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде жылдамдығы секундына 17-22 метр болатын жел күтіліп, үдемелі боран соғады. 

Ақтөбе облысының кейбір жерлерінде жылдамдығы секундына 18 метр болатын жел күтіледі. Таңертең және түнде Маңғыстау облысында тұман түседі.

Күндіз Алматы, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кейбір жерлерінде күннің қатты ыстық болуы күтіледі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кейбір жерлерінде өрт қаупі сақталады.

Загрузка...