Тағы да 80 қазақстандыққа «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

Қазақстан
963
Үміткерлер магистратурада және докторантурада оқып, сонымен қатар әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шет елдерде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Комиссия шешімімен әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберілетін 80 үміткерге стипендия тағайындалды деп, хабарлайды Today.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік хатшы отырысты ашып, Қазақстан Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «сананың ашықтығын» басты басымдықтардың бірі ретінде айқындап бергенін атап өтті. Гүлшара Әбдіқалықова «Болашақ» бағдарламасы сананың ашықтығын арттыруға септігін тигізетінін айтты.

«Өскелең ұрпақ әлемнің үздік жетістіктеріне ашық әрі бейім болуға тиіс. Президенттік стипендия Қазақстанның қазіргі жастарына білім өрісін кеңейтуге, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында оқуға, үздік тәжірибелік машықтарды игеруге мүмкіндік береді», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Отырыс барысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру туралы есебі тыңдалды, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасын іске асыруға қатысты бірқатар мәселе қаралды.

Комиссия шешімімен магистратурада және докторантурада оқуға, сонымен қатар әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберілетін 80 үміткерге стипендия тағайындалды.

Мемлекеттік хатшы отырысты қорытындылап, «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру және тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Естеріңізге сала кететін болсақ, тамыздың 1-і күні 171 үміткерге стипендия тағайындалғаны туралы хабарланған болатын.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить