833

Қазақстандықтарды қыркүйектің 1-не дейін қандай ауа райы күтеді

Метеорологтардың ақпараты бойынша, Қазақстанда өткен күндері ауа температурасы 2-7 градус климаттық нормадан жоғары болды.
Фотография - Қазақстандықтарды қыркүйектің 1-не дейін қандай ауа райы күтеді Көрнекі сурет
Метеорологтардың ақпараты бойынша, Қазақстанда өткен күндері ауа температурасы 2-7 градус климаттық нормадан жоғары болды. Жақын күндері жекелеген аудандарда, мәселен, батыста, солтүстікте, орталық және шығыс облыстарда өткінші жауын жауып, найзағай ойнайды деп, хабарлайды Today.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Елдің солтүстігінде, батысында, шығыста және орталықта 28-37 градус жылы болады.

Қазақстанның оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында Батыс Азиядан өте ыстық ауа райы келеді. «Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, термометр бағаны 32-41 градусқа дейін көтеріледі.

Синоптиктердің ақпараты бойынша, ҚР барлық аумағында ауа температурасы 2-8 градус климаттық нормадан жоғары болады.

Загрузка...