710

Қазақстандықтарды 1-4 қыркүйекте қандай ауа райы күтеді

ҚР солтүстігінде өткінші жауын жауады.
Фотография - Қазақстандықтарды 1-4 қыркүйекте қандай ауа райы күтеді Көрнекі сурет

Метеорологтардың ақпаратына сәйкес, алдағы өткен үш күнде Қазақстанда 3-10 градус климаттық нормадан жоғары болды. Алдағы демалыс күндері қайтадан нормадан жоғары болады деп, хабарлайды Today.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Тамыз айы қыркүйек айына жылы ауа-райы эстафетасын береді, бірақ елдің батыснда және оңтүстік-шығысында ауа-райы жаңбырлы болады. Алдын ала болжамға сәйкес, келесі аптада суық ауа массасының келуімен Қазақстанның барлық аумақтарында найзағай күркіреп, жаңбыр жауып  ауа температурасының бірте-бірте төмендеуі күтілуде.

Қыркүйектің басында күн қатты ыстық болады. Күндіз ауа температурасы орталық аудандарда 28-31 градус жылы болып, оңтүстікте, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста термометр бағаны 35-40 градусқа дейін көтеріледі. Батыс өңірлерде 31 градус, солтүстікте 25-33 градус жылы болады деп күтілуде.

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, елде қыркүйек айында ауа температурасы әдеттегіден 3-8 градус жоғары болады.

Загрузка...