697

АҚШ елшісі қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен қазақ тілінде құттықтады

Құттықтаудың бейнежазбасы елшіліктің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми сайтында жарияланды.
Фотография - АҚШ елшісі қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен қазақ тілінде құттықтады Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен мемлекеттік тілде құттықтады деп, хабарлайды Today.kz елшіліктің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми сайтына сілтеме жасап.

«Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын! Осынау қасиетті мереке күндері әрбір отбасына бейбітшілік пен келісім, амандық және құт-береке тілеймін! Шаңырақтарыңыз шаттық пен бақытқа толсын!»,-деді Джордж Крол.

Айта кету керек, бұл Елшінің қазақ тіліндегі алғашқы құттықтауы емес. 

Бұған дейін Джордж Крол, Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтаған болатын.

Ертеректе Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұсылмандарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшысының пікірінше, осынау айтулы күндерде жүрегіне иман ұялаған әрбір адам жақсы істер жасауға, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады.

Естеріңізге сала кететін болсақ, 2017 жылы мұсылмандардың басты мерекесі болып саналатын Ид аль-Адха немесе Құрбан айт қыркүйектің 1-не дәл келген болатын.

Загрузка...