2088

50 мың теңге пара алмақ болған қызметкерге 2,5 миллион теңге айыппұл салынды

Ол кінәлі деп танылды.
Фотография - 50 мың теңге пара алмақ болған қызметкерге 2,5 миллион теңге айыппұл салынды ©Арман Мұқатов

Астанада Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасының қызметкеріне сот үкімі шықты. Сот ер адамға 2,5 миллион теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Today.kz Астана МКД-нің баспасөз бөліміне сілтеме жасап. 

Іс материалы бойынша, азамат Ж. танысы азамат Н.-ның делдал болуымен тұрғылықты мекенжайы бойынша заңды тұлғаны растайтын салық тексерісі актісін толтырғаны үшін 50 мың теңге көлемінде пара алған. 

МКД мәліметінше, Ж. азамат ҚР ҚК-нің 1 бөлімі, 366 бабы "Пара алу" бойынша кінәлі деп танылған. Жекеменшігіндегі мүлкі тәркіленіп, параның 50 есе сомасы, 2 500 000 теңге айыппұл салынып, мемлекеттік қызметтен өмір бойына шеттетілген. 

Оның сыбайласы да ҚР ҚК 1 бөлім, 368 бабы "Пара алуға көмектесу" бойынша кінәлі деп танылды. Оған параның 10 есе сомасы, 450 000 теңге айыппұл салынып, мемлекеттік қызметтен өмір бойына шеттетілді.