ҚР Президенті ҚР ІІМ-нің төтенше жағдайлар комитетінің жаңа белгісі мен символын бекітті. Мемлекет басшысының жарлығы Ақорданың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Today.kz.
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосы жалауының;
2) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосы рәмізінің;
3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жалауларының;
4) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының білім беру ұйымдары жалауларының сипаттамалары бекітілсін.
2. «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жалауларының сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 шілдедегі №867 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 46-47, 459-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.
Құжатқа 2017 жылдың 15 қыркүйегінде қол қойылған.
Жарлыққа қосымшаны мына жерден көруге болады.
Комментарии
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
{{ comment.comment_author }}
{{comment.datetime}}
{{comment.text}} Ответить
Отправить