2376

Сағадиев орыс тілі оқулығына даулы ертегінің қалай еніп кеткенін түсіндірді

Людмила Петрушевскийдің ертегісінің орыс тілі оқулығына қалай еніп кеткенін ҚР білім министрі Ерлан Сағадиев түсіндірді.
Фотография - Сағадиев орыс тілі оқулығына даулы ертегінің қалай еніп кеткенін түсіндірді Сурет: today.kz

Людмила Петрушевскийдің Кукуся мен Бутявко жайлы лингвистикалық ертегісінің орыс тілі оқулығына қалай еніп кеткенін ҚР білім министрі Ерлан Сағадиев түсіндірді, деп хабарлайды Today.kz.

"Орыс тілі оқулығы мен Петрушевский ертегісі жайлы қазір көп айтылып жүр. Біріншіден, 9 айдың ішінде сарапшылардан, мұғалімдер мен ата-аналардан алынған бес мың ұсыныстың ішінде бірде-біреуінде бұл туралы айтылмады. Өйткені ол орыс тілі оқулығында 2004 жылдан бері бар", - деді Сағадиев. 

Министр министрліктің ресей сарапшыларынан жоғары баға алғанын айтып өтті. 

"Шынымен де екі түрлі орыс тілі болмайды, біреуінде балалар күн сайын сөйлейді, екіншісі - музей экспонаты секілді. Анау да, мынау да - ұлы да қуатты орыс тілі. Біз Президенттің бұйрығымен мазмұнды жаңартып отырамыз. Біз баланы өзі сөйлейтін тілі туралы ойлануға мәжбүрлейміз. Көңілі толмайтын адамдар қашанда табылады, былтыр да солай болған. Бірақ біз 18 миллион адамның бір орында қалып қалуына жол бере алмаймыз, өкінішке орай, білім беру жүйесі осыған дейін бір орыннан жылжымай келді", - деп түйіндеді Ерлан Сағадиев. 

Загрузка...