1495
1

Президент қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды

Президенттің қаулысына сай қазақ тілі әліпбиі 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшеді.
Фотография - Президент қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды Сурет: akorda.kz

27 қазанда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі жобасын бекітіп, жаңа әліпбиге кезең-кезеңмен өтуге қаулы шығарды, деп хабарлайды Today.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында қаулы етті.

1. Қоса беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрсын;

қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін;

осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Естеріңізге салайық, 26 қазанда Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков пен Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжинді қабылдады. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің соңғы жобасы қызу талқыланып, қоғам тарапынан қолдау тапқанын атап өтті.

  • Бауыржан Жонкешов
    Қазақ тілінің болашағын ойлайтын болсақ, латын əліпбиіне көшу әрекетін үйренуге де ешқандай кедергі жоқ сияқты. Себебі біз латынға көшу ісіне үлкен дайындықпен келдік, көптеген шаралар алдын ала атқарып алдық және қоғамның пікіріне баса назар аударылды деуге болады. Өйткені латынға көшу уақыт талабы, замана сұранысы екенін халық терең түсіне білді.