1125

Атырауда МКД қызметкері 350 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды

Ол лауазымы мен өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Фотография - Атырауда МКД қызметкері 350 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды Көрнекі сурет

Атырауда мемлекеттік кіріс департаменті экономикалық тергеу қызметінің аға тергеушісі қылмыстық жемқорлық жасағаны үшін 5 миллионнан астам айыппұл төлейді, деп хабарлайды Today.kz "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 

Ол букмекер кеңсесінің қожайынынан 350 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды. 

"Заңсыз ойын кеңсесінің қожайынымен тергеуші WhatsApp арқылы пара көлемін талқылаған. Тергеу-оперативті шарасы кезінде Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет МКД қызметкерін пара алып жатқан жерінен ұстады", - деді облыстық соттың баспасөз қызметі. 

Күдікті мен прокурор арасында кінәсін мойындау туралы процессуалдық келісім болды. 

№2 соттың шешімімен күдікті ҚР ҚК 366 бап, 2 тармағы "Пара алу" бойынша кінәлі деп танылды. Бірақ отбасының ауыр жағдайы мен мүлкі ескеріліп, оған 5 250 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ол лауазымы мен өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.