1656

Семейде мектеп директорына пара алғаны үшін 3 миллион теңге айыппұл салынды

Қазан айында антикоррупциялық қызмет ер кісіні пара алып жатқан жерінен ұстаған болатын.
Фотография - Семейде мектеп директорына пара алғаны үшін 3 миллион теңге айыппұл салынды Көрнекі сурет

Семейдегі лицей мектебінің директоры пара алды деп айыпталып, ірі сомада айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлады қылмыстық істер бойынша қалалық соттан. Бұл туралы Интерфакс агенттігі жазды.

№7 мектептің 55 жастағы директоры Қылмыстық кодекстің 366 бабының 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған пара көлемінен 50 есе үлкен айыппұл салынды. Енді ол 3 миллион 175 мың теңге төлеуі тиіс. Сонымен қатар ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды, деп атап өтті соттағылар.

Қазан айында антикоррупциялық қызмет ер кісіні пара алып жатқан жерінен ұстаған болатын.

Сот материалдары бойынша, оқу орнының басшысы қыздарын мектепке алу үшін ата-анадан көлігіне қысқы дөңгелек сұраған. Алайда бастапқы ойынан айнып, антирадары бар бейне регистратор сыйлауды міндеттеген.