Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру 2020 жылға қалдырылды

Фотография - Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру 2020 жылға қалдырылды

Көрнекі сурет

Жеке тұлғалар мен мемлекеттің жарна төлеуі 2018 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылдың 1 қаңтарына қалдырылды.

469 0

Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмек көрсету мерзімі 2020 жылға қалдырылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінен. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" жазды. 

"Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде заңнамалық өзгерістер қабылданды, оған орай медициналық көмек көрсету мерзімдері және жеке тұлғалар мен мемлекеттің жарна төлеуі 2018 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылдың 1 қаңтарына қалдырылды", - делінген министрліктің сайтында жария етілген хабарламада.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң Қазақстанда 2015 жылы қабылданған. Сол кезде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылған болатын, оған ақша аудару 2017 жылдың шілдесінен басталды, ал бұл жүйенің өзі 2018 жылдан бастап іске қосылуға тиіс еді. Алайда биыл қыркүйек айында президент Нұрсұлтан Назарбаев МӘМС енгізуді асықпауға шақырды, өйткені өздерін жұмыспен қамтыған 2,7 миллион адам медициналық сақтандырудан тыс қалып қалуы ықтимал болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?