1558

Жетім баланы асырап алған ата-ана салықтан босатылады

Қазақстанда қолданысқа енгізілген жаңа салық кодексі жетім балаларды асырап алған ата-аналарды табыс салығынан босатады.
Фотография - Жетім баланы асырап алған ата-ана салықтан босатылады Сурет ашық дереккөзден алынды

Қазақстанда жетім баланы асырап алған ата-ана табыс салығын төлемейді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі Руслан Дәленов орталық комуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz 7kun.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

Бұл жеңілдікті ата-аналар асырап алған бала 16 жасқа толғанға дейін қолдана алады. Сонымен қоса жаңа салық кодексінде мүгедек болып қалға ата-ананың біріне жер салығы, тіркеу алымы мен мемлекеттік баж салығы бойынша жеңілдіктер бар. Ұлттық экономика вице-министрінің айтуынша, елімізде 76 мыңға жуық азаматқа осы бағыттағы жеңілдік беріледі.

Загрузка...