817

Ақмола облысында өткен демалыс күндері аяздан үш адам қаза болды

"Барлығында зорлық белгілері жоқ. Өлімнің алдын ала себебі – ағзаның қатты тоңуы", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Фотография - Ақмола облысында өткен демалыс күндері аяздан үш адам қаза болды Көрнекі сурет

Ақмола облысында өткен демалыс күндері аяздан үш адам үсіп қаза болды, деп хабарлады дүйсенбі күні "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық полицияның баспасөз мәслихатынан.

Бурабай ауданындағы Щучинск қаласының екі шетінен екі ер адамның - 1980 және 1967 жылы туылған еркектердің денесі табылды.

1954 туылған тағы бір ер адамның денесі Шортанды ауданының Дамса ауылының мектебінің артында даладан табылды.

"Барлығында зорлық белгілері жоқ. Өлімнің алдын ала себебі – ағзаның қатты тоңуы", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Полицияның ақпары бойынша, қаза болғандардың барлығы спирттік ішімдіктер ішкен.

Ақмола облысында осы күндері ауа температурасы 35 градус аязға дейін төмендеген, синоптиктердің болжамынша, кейбір жерлерде минус 45 градусқа дейін төмендейді.

Загрузка...