Аязда сапарға шығатын жолаушыларға нұсқаулық

Қазақстан
1270
Жаңа апта қазақстандықтар үшін суық ауа-райымен басталды. Аязды күні жолға шығарда нені есте сақтау керек?

Еліміздің көп өңірінде қыс қатты. Ал кеше Астана қаласында ауа температурасы - 53 градусқа дейін жетті. Суық ауа райы әлі де жалғасады

Today.kz аяздан қорғану үшін нұсқаулық ұсынады. 

  • Боранды немесе қолайсыз ауа-райында алыс жолға шықпаңыз. Алыс сапарға шыға қалған жағдайда метереологиялық мәліметтерді оқыңыз. Өзіңізбен бірге азық-түлік пен жылы киімдеріңізді көбірек алыңыз.

  • Аязда денеңіздің қатты тоңуына жол бермеңіз. Суықтан жаны кете бастаған жерлеріңізді уқалап, үнемі қимыл-қозғалыста болыңыз.

  • Табаныңызды жылы ұстаңыз. Бір-екі өлшемге үлкендеу аяқ киім алып, жүн шұлық екі немесе оданда көп қабат етіп киіңіз.

  • Аязды күні өзіңізге таныс жерде де жалғыз жүрмеуге тырысыңыз. Ал сізге таныс емес мекенде қолайсыз ауа-райы кезінде мүлдем жалғыз жүрмегеніңіз абзал.

  • Егер боранды күні көлік ішінде қалып қойсаңыз, көліктің алдыңғы жағын боранға қарама- қарсы қойыңыз.

  • Көліктің пешін үздіксіз қоспаңыз. Қайта жанармайды үнемдеп, жылы көрпешеге оранып отырыңыз.

  • Көлікті қар басып тастамас үшін уақытылы көлік айналасын тазалауға тырысыңыз және көліктен шығарда беліңізді арқанмен буып, арқанның бір ұшын көлікте қалдырыңыз.

  • Боранда жаяу ешқайда шықпаңыз. Жаяу жетіп аламын деу бос әурешілік. Боранды күнде жаяу жолға шықсаңыз, белгілі бір жерге келгенде шаршайсыз. Ал тынығу үшін тоқтағанда денеңізді үсік шала бастайды.

  • Сонымен қоса, аязды күні ішімдік денені жақсы жылытады деген пікір де қате. Тіпті аязды күні ішімдік ішу зиян. Себебі ол аз уақыт ішінде жылу шығарып, денеңізді жылытады. Бірақ осыдан кейін адам тез салқындап, қатты жаурайды. Әрі ішімдік ішкен адам дұрыс шешім қабылдай алмайды.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить