1400

"Сталиннің өлімі" фильмі Қазақстанда да көрсетілмейтін болды

Бүгін прокатқа шығуы керек болған британдық "Сталиннің өлімі" фильмі Ресей кинотеатрларынан көрсетуге тыйым салынған еді.
Фотография - "Сталиннің өлімі" фильмі Қазақстанда да көрсетілмейтін болды Сурет ашық дереккөзден алынды

Кеше Ресей британдық "Сталиннің өлімі" комедиясын кинотеатрлардан көрсетуге тыйым салды, деп хабарлаған едік. Алайда аталған фильм қазақстандық кинотеатрларда көрсетілетін болған. Бүгін "Сталиннің өлімі" қазақстандық кинотеатрлардан да алынды, деп хабарлайды Today.kz

Ресей Мәдениет министрлігі қоғамдық көрсетілімнен кейін сатиралық туындыны экранға шығарудан бас тартқан. Қоғамдық көрсетілімге Ресей Мәдениет минстрлігінен бөлек, депутаттар мен ресейлік тарих қауымдастығының өкілдері қатысқан. Барлығы бір ауыздан "фильмде идеологиялық күрес белгілері бар" деген шешімге келіп отыр. Алайда қазақстандық көрермендер бұл фильмді бүгін көруі керек болатын. Бірақ ресейлік "Vlast" интернет журналы кеше түскі 14:45 - те аталған фильмнің Қазақстанда да көрсетілмейтінін жазды

Ал мына скриншотты Today.kz тілшісі қаңтардың 24-інен 25-іне ауған түні 00:28-де түсірген. 

Фото -

Скриншоттан түнгі 12 жарымның өзінде "Сталиннің өлімі" кинотеатрларда тұрғанын аңғару қиын емес. Скриншот kino.kz сайтынан жасалған. Бірақ бүгін аталған сайттан фильм жоқ боп кетті. 

"Сталиннің өлімі" фильмінің қазақстандық кинотеатрлардан алынып тасталғанына алғаш болып Мұрат Әбенов қарсылық білдірді. Ол өзінің facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына былай деп жазды: 

"Сіз кімнің жағындасыз кинотеатрлар қожайындары? Сізге қазақстандық азаматтардың не көруін шешетін құқықты кім берді? Бұл азаматтардың мәдени туындыларды көру құқығына қол сұғу. Бұл іске Президент Әкімшілігі идеологтарының назарын аударту керек. Олар кімнің саясатын жүргізіп отыр? Бұлар қазақстандық киноны бұғаттап, отандық фильмдердің қазақ тілінде түсірілуіне жол бермей отырғандар емес пе? Қазақстанның Мәдениет туралы заңын бұзып, шет елдік фильмдерді қазақша аудармасыз көрсетіп отырғандар да осылар", - дейді қоғам қайраткері кинотеатр қожайындарын меңзеп. 

Загрузка...