1333

Маңғыстаулықтар көлік дөңгелектерінен екі ауылдың ортасына жол салды

Маңғыстаулықтар өз күштерімен екі ауылдың ортасына автомобиль жолын салды. Жол салу үшін тұрғындар көлік дөңгелектерін қолданған.
Фотография - Маңғыстаулықтар көлік дөңгелектерінен екі ауылдың ортасына жол салды Сурет: inaktau.kz

Маңғыстаулықтар өз күштерімен екі ауылдың ортасына жол салған. Бұндай ой Үштаған ауылының тұрғындарына келіп, Үштаған мен Жармыш ауылының арасына 1000 көлік дөңгелегін қолдана отырып жол жасаған, деп хабарлайды Today.kz inAktau.kz сайтына сілтеме жасап. 

Тұрғындар мұндай идеяны ғаламтордан көрген. Тұрғындардың айтуынша екі ауыл арасындағы жол көлік қозғалысы үшін қиындық туғызған. Әсіресе жаңбырлы күні екі ауыл арасындағы қатынас қиындай түседі екен. Жаңа жол осы қиындықтың алдын алуы мүмкін. 

"Көліктің дөңгелектерін бір-бірімен жалғадық. Сосын оны арнайы құммен толтырып, үстін жақсылып бастық", - дейді ауыл тұрғындары. 

Ауыл әкімшілігі жолдың тұрғындарға пайдалы болғанын айтып отыр.

Фото -

Фото -