Мемлекеттік айыптаушы Бишімбаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Қазақстан
1046
Астанада Қазақстанның бұрынғы Ұлттық экономика министрінің сыбайлас жемқорлық істері бойынша тараптардың сот талқылуы басталды.

Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Қазақстан Республикасының бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Today.kz. 

"Құрметті сот, тексерілген деректердің талдауы айыпталушылардың айыптаған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі екендігі туралы біржақты қорытынды жасауға мүмкіндік береді деп есептейміз. Жоғарыда айтылған дәлелдер орынды, рұқсат етілген, сенімді және айыпталушылардың қылмыс жасағаны туралы қылмыстық жауапкершілікке тарту жайлы айыптаудың нұсқасын растау үшін жеткілікті", – деді прокурор Сәуле Сыдықова. 

Мемлекеттік айыптаушы экс–министр жазасын толық қауіпсіздікте өтеуі керек деп есептейді. Сонымен қоса прокурор Бишімбаевтан "Құрмет" орденін қайтып алуды талап етті. 

"Ұсынылған құжаттардың негізінде Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлын Қылмыстық кодекстің 28 бабы 3 бөлімі, 189 баптың 4 бөлімі 2 тармағы, 366 баптың 4 бөлімі бойынша айыпты деп танып, сегіз жыл бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді және өмір бойы мемлекеттік органдар мен коммерциялық ұйымдарда қызмет ету құқығынан шектеуді талап етемін. Қылмыстық кодекстің 366 бабы 4 бөлімі бойынша 12 жыл бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді және өмір бойы мемлекеттік органдар мен коммерциялық ұйымдарда қызмет ету құқығын шектеуді талап етемін", – деді мемлекеттік айыптаушы Әлібек Айтжанов.

Осыған дейін Қуандық Бишімбев Елбасынан кешірім сұраған еді. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тоғызыншы ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қуандық Бишімбаевқа шынымен жаны ашитынын айтты

"Шынымды айтсам, экс–министр Қуандық Бишімбаевқа жаным ашиды. Оқыттық, "Болашақпен" білім бердік, оған үміт арттық.  Елдің тұтқасын ұстайтын жігіт болады дедік. Енді міне, осылай болды. Сонша уақыт пен қаржыны босқа кетірдік", – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Естеңізге сала кетейік, 2017 жылдың 31 қазанында Астана қаласында Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты соттың алдын ала тыңдалымы басталған еді. 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить