1066

ҚР Энергетика министрлігінің лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жымқырған

2018 жылға көлді тазартуға бөлінген 1,5 миллиард ақша қаражатының жымқырылуы тоқтатылды.
Фотография - ҚР Энергетика министрлігінің лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жымқырған Сурет: ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қазақстан Республикасының энергетика министрлігінің лауазымды тұлғаларының қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Today.kz.

Энергетика вице-министрі Сәдібеков "Аймақ" ЖШС мердігер ұйымының басшысымен қылмыстық келісімде Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бөлінген аса ірі көлемдегі бюджеттік қаражатты жымқырған.

Сонымен қатар, қылмыс жасауға Энергетика министрлігінің департамент басшысы Ж.Нұрбеков және мердігерлердің өкілдері С.Жұмалинов және Б. Қадырберлин қатысқан.

Сәдібеков қол қойған жалған актілер бойынша Энергетика министрлігімен 2017 жылы көлемі аса арттырылған атқарылған жұмыстарға жалпы сомасы 3,6 миллиард теңге төленген.

Аталған қаражаттың 1 миллиард теңгесі қолма-қол алынған және жымқырылған. Ол қаражат тінту барысында табылып, алынған.

Бұдан бөлек, 2018 жылға көлді тазартуға бөлінген 1,5 миллиард ақша қаражатының жымқырылуы тоқтатылды.

Сәдібеков, Нұрбеков, Дуанбек, Жұмалинов пен Қадырберлин ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.