1028

Бейбіт Көшқалиев, Ochooou, Әзімбек Байлин – 8 наурызда қандай сыйлық жасайды

Қазақ эстрадасының серілері 8 наурызға қалай дайындалып жатыр?
Фотография - Бейбіт Көшқалиев, Ochooou, Әзімбек Байлин – 8 наурызда қандай сыйлық жасайды Сурет: Instagram.com/azim_alashuly

Халықаралық әйелдер күні мерекесін тойлауды бүгіннен бастап кеттік. Ерлер қауымының бір бөлігі сыйлықтарын тас-түйін етіп, бүгін дайындап қойған болса, енді бірі бұл іске әлі асығыстық танып отырмаған болар. Мұндай ер азаматтар өнер иелерінің арасында да бар. Мысалы, әнші Бейбіт Көшқалиев әлі еш дайындалмапты. Today.kz қазақ эстрадасындағы серілерден әйелдер қауымына қандай сыйлық дайындағанын сұрап көрді.

Тыңдарманды үнемі биге жетелеп жүретін Бейбіт Көшқалиев әйелдер күні мерекесіне дайындықты мүлдем бастамаған.

"8 наурызға әлі еш дайындалмадым. Тіпті, қандай сыйлық алатынымды білмей тұрмын. Негізі бұл онша қызық емес сияқты. Анама гүл жібергім келеді. Ол Атырауда ғой. Әйеліме гүл сыйлаймын. Маған ұнайтын раушан гүлін. Ол әйеліме де ұнайды", – деді Бейбіт Көшқалиев.

Фото -

Ал "Алашұлы" тобының әншісі, актер Әзімбек Байлин мерекелік сыйлықты әлдеқашан алып, керекті мекенжайға жіберіп те қойыпты.

"Анама 8 наурызға сыйлықты жіберіп қойдым. Анам Петропавлда тұрады ғой. Сондықтан алдын ала сатып алып, пойыздан салып жібердім. Анама ас үйге керекті құралдарды сыйладым. Ал үйдегі әйелдер қауымына гүл мен әтір сыйлаймын. Әйеліме ақшалай беремін. Өзіне керегін алады. Мен алған нәрсе ұнамай қалғаннан, өзі керек нәрсесін таңдап алғаны жақсы ғой. Бірақ әйеліме гүл сыйлап көрмеппін", – деді Әзімбек Байлин.

Фото -

Сегізінші наурызда Баян Мақсатқызының "Сиситай" мюзиклі арқылы барлық қазақстандық қыз-келіншектің жанарын жаулайтын Ochooou (Олжас Абай) сыйлық алуға бүгін кіріседі.

"Сыйлықтарды бүгін аламын. Анам өзі айтады не керек екенін. Егер айтпаса гүл беремін. Әйеліме үйге жыл сайын гүл мен тәттілер әкелемін. 8 наурызда бағалы сыйлық жасамаймын. Туған күнінде ғана бағалы сыйлық тарту етемін. Қазір шынайы жүрекпен не береді, соған риза" – деді Ochooou.

Фото -

Ал қазақ эстрадасындағы жас әншілердің бірі, "Muzart life" тобының мүшесі Әзиз Балтабекұлы 8 наурызда 1 оқпен 2 қоян атады екен.

"8 наурызды жақсы тойлаймыз. Өйткені бұл күні мамамыздың туған күні. Мен үйде жалғыз ұлмын. 1 әпкем мен 1 қарындасым бар. Бірақ әлі сыйлық алып үлгерген жоқпын. Бүгін түнгі 12-де гүл мен торт алып барамын", – деді Әзиз Балтабекұлы.

Фото -


Загрузка...