678

Қарағандыда 16 университеттің жас журналистері сынға түсті

Республиканың 16 жоғары оқу орнынан 45 жас журналист келген.
Фотография - Қарағандыда 16 университеттің жас журналистері сынға түсті Сурет: "әл-Фараби" командасының мұрағатынан

Биыл журналистика мамандығының пәндік олимпиадасы Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде өтіп жатыр. Білім бәйгесіне еліміздің 16 университетінде оқитын 48 студент қатысып жатыр, деп хабарлайды Today.kz.

2008 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде бастау алған олипиаданың мақсаты – журналистика мамандығының сапасын арттыру, талантты да білімді, үздік студенттерді анықтау, болашақ даярлайтын оқу ордаларының біліктілігін арттыру. 

"Пәндік олимпиадаға алғашқы рет әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті де қатысқан едік. Ол кездегі студенттер мен қазіргі студенттерді салыстыруға болмайды. Себебі, қазіргі жастар жан-жақты, креативті ойлау қабілеті жоғары, ізденістері мол екенін байқадым. Сонымен қатар, биылғы олимпиаданың қазақ телевизиясының 60 жылдығына арналуы болашақ журналистердің ұлттық телевизия тарихын тереңдеп білуіне өз әсерін тигізді", – деді әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аға оқытушысы Жәнібек Ғалымұлы.

Олипиада қатысушылары екі кезең бойынша сыналады. Олипиадаға қатысқан 16 команданың ішінен тек 6 команда ғана марапатталады.

Сондай-ақ, олипиада кубогын ұтып алған оқу орны кезекті сайысты ұйымдастырады.

Фото -

Загрузка...