1154

Маңғыстаулық әйел 16 жастағы өгей ұлын пышақтап өлтіргенін мойындады

Сарайда өлі денесі табылған 16 жастағы бала өліміне қатысты ашық сот отырысы басталды.
Фотография - Маңғыстаулық әйел 16 жастағы өгей ұлын пышақтап өлтіргенін мойындады Көрнекі сурет

Маңғыстауда 16 жастағы өгей баласын өлтірді деген күдікке ілінген әйел өз кінәсін мойындады, деп хабарлайды Today.kz "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Қылмыстық істі Маңғыстау облыстық соты ашық қарап жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 4 қаңтарда Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында 16 жастағы баланың қансыраған денесі табылған еді.

Құрбанның туысқандары баланың денесі 20 рет пышақталғанын айтып отыр.

"Ол бозбаланы қазандықта ұрып бастаған, бала сарайға қашып кірген. Ұлыма қанша рет пышақ сұққанын білмеймін. Жаназада баламның кесілген кеудесін көріп, есімнен танып қалдым. Әкем, баланың атасы арқасында сау-тамтық қалмағанын айтты", - деді құрбанның туған анасы Кәмшат.