1854

Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясы 85 жылдығын дүркіретіп атап өтті

Өнер ордасының 85 жылдық мерейтойында Роза Рымбаева бастаған академия түлектері өнер көрсетті.
Фотография - Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясы 85 жылдығын дүркіретіп атап өтті Сурет: Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының баспасөз қызметінен

Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 85 жылдық мерейтойын дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды Today.kz.

Темірбек Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясы ел мәдениетінің, өнерінің іргетасы, бүгіні мен болашағы. Өйткені қазақ мәдениетіне үлес қосқан өнер майталмандары осы оқу ордасының түлектері.

Солардың қатарында Әмина Өмірзақова, Асанәлі Әшімов, Сәбит Оразбеков, Роза Рымбаев сынды елге танымал тұлғалар бар.

"Өнер – ұлт келбетті" атты концерт басталмас бұрын Республика сарайында Амангелді Мұқажанов, Бауыржан Байділдә, Әділет Жұмабаев сынды ел мақтанышына айналған академия түлектерінің шығармашылық көрмесі болды.

Фото -

Фото -

Өнер академиясының мерейтойына спорт және мәдениет вице-министрі Ақтоты Райымқұлова сөз сөйлеп, кезінде осы оқу ордасында ректор болған Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтау хатын оқыды.

Фото -

Мерекелік концертте осы өнер академиясының түлектері мен оқытушылары Рамазан Стамғазиев, Нұрлан Албан, Мөлдір Әуелбекова, Жеңіс Сейдуллаұлы, Сәкен Майғазиев, Айжан Нұрмағанбетова, Нағима Есқалиева, Роза Рымбаева, Әли Оқапов, "Алашұлы" тобы, "Muzart Life" тобының жігіттері өнер көрсетті.

Фото -

Фото -

Фото -

Фото -

Фото -