437

Батысқазақстандықтар Астанаға Мәншүк Мәметованың ескерткішін сыйламақ

Қазір ескерткіштің жобасы дайын тұр.
Фотография - Батысқазақстандықтар Астанаға Мәншүк Мәметованың ескерткішін сыйламақ Сурет ашық дереккөзден алынды

Батыс Қазақстан облысы Астана күніне орай Елордаға Мәншүк Мәметованың ескерткішін сыйға тартпақ, деп хабарлайды Today.kz mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.

БҚО Мәдениет басқармасының жетекшісі Қыдырболат Мұсағалиевтің айтуынша, ескерткіш Астана қаласындағы Жеңіс алаңына қойылады.

Ескерткіштің авторы танымал мүсінші Мұрат Мансұров. Қазір ескерткіштің жобасы дайын.