Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд Астанаға келіп, сөз сөйлейді

Фотография - Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд Астанаға келіп, сөз сөйлейді

Сурет ашық дереккөзден алынды

XI Астаналық экономикалық форум Қазақстан елордасында 17-19 мамырда өтеді.

144 0

Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд 17-19 мамырда өтетін Астаналық экономикалық форумға қатысады, деп мәлімдеді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" хабарлады. 

"Астаналық экономикалық форумға қатысушыларға келер болсақ, мәселен, Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд шақырылған, ол келеді", – деді Руслан Дәленов дүйсенбі күні Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің сөзінше, Франсуа Олланд форумда спикер болады.

"Демеушілер қазір бұл мәселемен айналысып жатыр", – деп жауап берді ол Франция президентінің қатысу шарттары қандай деген журналистердің сұрағына.

Форумның сайтындағы ақпарат бойынша, қатысушылар арасында БҰҰ 8- бас хатшысы Пан Ги Мун, Goldman Sachs бұрынғы төрағасы Джим О'Нил, физик, футуролог және ғылымды насихаттаушы Митио Каку бар.

XI Астаналық экономикалық форум Қазақстан елордасында 17-19 мамырда өтеді.




Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?