1188

Атырау облысы Астанаға құны 6 миллиард екі жағалауды қосатын көпір сыйлайды

Бұл мұнайлы өлкенің Елордаға Астана күніне сыйлығы болмақ.
Фотография - Атырау облысы Астанаға құны 6 миллиард екі жағалауды қосатын көпір сыйлайды Сурет ашық дереккөзден алынды

Атырау облысы Астана қаласына құны 6 миллиард болатын, қаланың екі бөлігін қосатын көпір сыйлайды, деп хабарлайды Today.kz mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл мұнайлы өлкенің Елордаға Астана күніне арналған сыйлығы болмақ.

"Біз қазір қаланың сол жағалауы мен оң жағалауын қосатын көпір салып жатырмыз. Көпірдің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, оны аяқтау ойымызда бар. Көпір жергілікті бюджет пен демеушілердің қаражатына салынып жатыр. Құны 6 миллиардты құрайды", – деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Облыс басшысы Астананың 20 жылдығы биылғы жылдың басты оқиғасы екенін де атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысы Елордаға мерейтой қарсаңында Мәншүк Мәметованың мүсінін сыйлайтыны тура жазған едік.