2248

Астанада "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ашылды

Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы
Фотография - Астанада "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ашылды Сурет ашық дереккөзден алынды

Астанада салтанатты жағдайда Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ашылды, деп хабарлайды Today.kz.  

Жаңа орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Парламент депутаттары Бақытжан Жұмағұлов, Сауытбек Абдрахманов, мемлекет және қоғам қайраткерлері Мырзатай Жолдасбеков, Ғарифолла Есім, белгілі отандық ғалымдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Ашылу рәсіміне қатысушылар орталықтың құрылуы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласының жарияланғанына бір жыл толуымен тұспа-тұс келгенін атап өтті.

Өз сөзінде министр Арыстанбек Мұхамедиұлы "Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жылғы 26 қазанда "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Жарлыққа қол қойғаны өздеріңізге мәлім. Бүгінгі таңда Мәдениет және спорт министрлігі қазақ тілі әліпбиін 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру бойынша ауқымды іс-шараларды атқаруда. "Тіл-Қазына" ұлттық орталығының құрылуы "Рухани жаңғыру" бағдарламасының табысты іске асырылып жатқандығының тағы бір жарқын айғағы", – деп атап өтті.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының базасында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы болып қайта құрылып отыр.

Орталықтың мақсаты – латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін көшіру бойынша ведомствоаралық жұмыстарды үйлестіруді, орфографиялық ережелерін дайындау, оларды апробациядан өткізу, әліпби бойынша үйрету, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және мемлекеттік қызметшілер мен жеке тұлғаларға мемлекеттік тілді жеделдетіп оқытуды ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету және филология саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу болып табылады.

Загрузка...