1436

Өмірден өткеніне 3 жыл болған Батырхан Шүкеновты Майғазиев өлеңмен еске алды

2015 жылдың 28 сәуірінде танымал әнші Батырхан Шүкенов дүниеден өткен еді.
Фотография - Өмірден өткеніне 3 жыл болған Батырхан Шүкеновты  Майғазиев өлеңмен еске алды Сурет: Instagram.com/saken_maigaziyev

Бүгін өмірден өткеніне 3 болған Батырхан Шүкеновты әнші Сәкен Майғазиев өлең жолдарымен еске алды, деп хабарлайды Today.kz.

Сағынышқа толы өлең жолдарын Сәкен Майғазиев Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

"Бүгін батыр ағамыздың бақилық болғанына да 3 жыл өте шығыпты. Сіз біздің жадымыздасыз. Жаныңыз жәнната шалқысын.

Дегенде Батыр аға, Батыр аға,

Кеудемде күйікпенен жатыр нала.

Бір меңдесе тоқтатпас өз пәрменін,

Ажал солай тырнағын батырады, ә!

Сіз кеткелі үш жыл да өте шықты,

Өмір – өзен шеті жоқ сарқырама.

"Жақсының аты өлмейді" деген қазақ,

Бұл күні елге қалды атың дара", – деп жазды Сәкен Майғазиев.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан тура үш жыл бұрын Қазақстан және Ресейдің эстарада әншісі, ақын, композитор Батырхан Шүкенов өмірден өткен еді.