419

Байқоңырда ғарышкер әйел туралы фильм түсіріліп жатыр

Туындыға танымал актерлер Ева Грин мен Мэтт Диллон түсіп жатыр.
Фотография - Байқоңырда ғарышкер әйел туралы фильм түсіріліп жатыр Сурет: inform.kz

Байқоңырда ресейлік кинокомпания "Тандем продакшн" мен француздық "Дхарамсала" кинокомпаниясы бірігіп ғарышкер әйел туралы фильм түсіріп жатыр, деп хабарлайды Today.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Байқоңыр қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, түсірілім тобы ғарыш аймағында бір апта бойы жұмыс істеген.

"PROXIMA" жұмыс атауы берілген фильмге "Казино Рояль" киносындағы рөлдері арқылы танымал болған француз актрисасы Ева Грин, сондай-ақ оның америкалық әріптесі Мэтт Диллон түсіп жатыр.

Режиссер Элис Винокурдің жаңа картинасы ғарышкерлерге арналады. Ева Грин ғарышкер әйелдің рөлін сомдамақ. Фильмнің алғашқы түсірілім жұмыстары Мәскеу маңындағы Звездный қалашығында өткен.
Загрузка...