463

Астанада қанша Ұлы Отан соғысы ардагері қалды және олар қанша сыйақы алады

Ардагерлерге мереке қарсаңында сыйақы беру үшін қалалық бюджеттен 245 миллион теңге бөлінген.
Фотография - Астанада қанша Ұлы Отан соғысы ардагері қалды және олар қанша сыйақы алады Сурет: today.kz

Астанада тұратын әрбір Отан соғысы ардагері мереке қарсаңында 500 мың теңге көлемінде сыйақы алады, деп хабарлайды Today.kz.

Елорданың еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметіне сәйкес, бас қалада 94 Ұлы Отан соғысының ардагері өмірі сүріп жатыр, оның 18-і мүгедек.

Биыл Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға жалпы құны 344 миллион болатын әлеуметтік көмек қарастырылған. Бұдан басқа 99 миллион теңгеден астам сомаға 4,5 мыңнан астам адамға бір жолғы ақшалай сыйақы беру жоспарланып отыр.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері 161 135 теңге алады. Ал қайтыс болған әскери қызметкерлердің отбасына, Ұлы Отан соғысы жылдары қайтыс болғандардың жесірлеріне, тыл қызметкерлеріне 10 823 теңге беріледі.

Сондай-ақ қосымша бір жолғы төлем  ретінде 350 мың теңге сыйақы төленеді.

Бұдан бөлек қалалық бюджеттен ардагерлерге ақшалай төлемдер үшін 245 миллион теңге бөлінеді.

2 136 адам rоммуналдық қызметтер үшін ақшалай өтемақы алады. 2 722 адам5ға тегін дәрі-дәрмек беріледі. 98 Ұлы Отан соғысының ардагерінің мерзімді басылымға жазылуына, моншаға, шаштаразға баруына әлеуметтік көмек көрсетіледі. 370 адам Катаркөл ауылының оңалту орталығында емделеді.


Загрузка...