449

Сириялық қаруланған оппозицияның өкілдері Астанаға келді

Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов айтты.
Фотография - Сириялық қаруланған оппозицияның өкілдері Астанаға келді Сурет: ©Әлибек Махметов

Сириялық қаруланған оппозицияның өкілдері Астанаға келіссөзге келді, деп хабарлайды Today.kz ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап. 

"Бүгін таңертең Астанаға Сирияның қаруланған оппозициясының өкілдері келді. Бәрі 24 адам. Делегацияны Ахмад Тома басқарып келді", – деді Жайнақов журналистерге. 

Ол Астана-9 жоспарлы отырысы 15:00-ге белгіленгенін айтты. 

Естеріңізге салайық, 14 мамырда Қазақстан астанасында сирияаралық реттеу бойынша келіссөздердің тоғызыншы раунды басталды.

Загрузка...