2831

Руслан Дәленов 32 жастағы вице-министр Дана Жүнісова туралы айтты

Ведомство Мәдина Жүнісбекованың жұмысқа жаңа тәсілмен кірісуін күтіп жүр.
Фотография - Руслан Дәленов 32 жастағы вице-министр Дана Жүнісова туралы айтты Сурет: "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

ҚР Ұлттық экономикасының бірінші вице-министрі Руслан Дәленов үкіметтегі брифинг барысында жақында тағайындалған әріптестері Дана Жүнісова мен Мәдина Жүнісбекова туралы айтып берді, деп хабарлайды Today.kz

"Дана Жүнісовамен біз Евразиялық экономикалық одақ аясында 4 жылға жуық жұмыс істедік. Ол "Атамекен" палатасының (кәсіпкерлер палатасы, – ред.) атынан қатысты, сондықтан оның тәжірибесі көп. Шамамен осындай істермен айналысуын жалғастыруда. Бүгін инвестициялық мәселе бойынша іссапарға кетті. Жеке қасиеті туралы айтар болсам, ол бастаған ісін аяғына дейін жеткізбей қоймайды. Ол "Атамекенде", біз министрлік тарапынан қызметтес болғанымызда көрдім, ол барлық мәселені соңына дейін апаратын. Былайша айтқанда, мәселе шешілмегенше қайтпайтын", – деді Дәленов. 

Ведомство Мәдина Жүнісбекованың жұмысқа жаңа тәсілмен кірісуін күтіп жүр.

"Мәдина Жүнісбекова осыған дейін премьер-министрдің кеңсесінде жұмыс істеді, экономикалық өсімді күшейту мәселелерімен айналысты. Бірнеше министрліктің жұмыстарын байланыстырды, сондай-ақ бірнеше халықаралық ұйыммен серіктесе жұмыс істеді, стратегиялық жоспарлау мәселесімен айналысты. Біздің министрлікте ол осы блокпен айналыса береді. Ол үшін бұл жаңа бағыт емес, бірақ біз одан жұмысқа жаңа тәсілмен кірісуді күтеміз. Тағы да қайталаймын, оның тәжірибесі мол. Бұл бағытта төрт жыл жұмыс істеген", – деді Дәленов. 

Естеріңізге салайық, ҚР Үкіметінің Қаулысымен 27 сәуір күні Мәдина Серікқызы Жүнісбекова мен Дана Бейсенқызы Жүнісова ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл өзгеріс әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Соның ішінде "Дана Жүнісова осындай жауапты қызмет істеуге әлі жас" деген пікірлер де кездесті. 

Загрузка...