Назарбаев Оралда көмірсутегі өндіретін құралдың қалай жасалатынын көрді

Фотография - Назарбаев Оралда көмірсутегі өндіретін құралдың қалай жасалатынын көрді

Сурет: today.kz

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

159 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы" акционерлік қоғамына барды, деп хабарлайды Today.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Қазақстан Президенті көмірсутегі шикізатын өндіру және тасымалдау саласында пайдаланылатын құрылғылар мен жабдықтар жасау үдерісімен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаевқа кәсіпорынның технологиялық қуаты, сондай-ақ зауытта жасалған қорғаныс өнімдері – атыс қаруы мен оқ-дәрі үлгілері көрсетілді.

Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында тұтас жиһаз жасаудың технологиялық үдерісімен танысқан еді. 



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?