277

Қазіргі жағдайда адам өмір бойы білім алуға тиіс – Нұрсұлтан Назарбаев

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Орал қаласындағы Жастар және оқушылар сарайына барды.
Фотография - Қазіргі жағдайда адам өмір бойы білім алуға тиіс – Нұрсұлтан Назарбаев Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Орал қаласындағы Жастар және оқушылар сарайына барды, деп хабарлайды Today.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Онда Қазақстан Президентіне денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы цифрландыру жөніндегі жобалар таныстырылды.

Қазақстан Президенті облыстың белсенді жастарының өкілдерімен кездесіп, жастар мен жас мамандарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы жөнінде әңгімелесті.

Нұрсұлтан Назарбаев цифрлық және ақпараттық технологиялардың қарқынды дамып келе жатқан жағдайында бәсекеге қабілетті жастар тәрбиелеп өсірудің маңызды екенін атап өтті.

"Мектептер мен университеттер ғылыммен айналысуға бағдарланып отыр. Қазіргі жағдайда адам өмір бойы білім алуға тиіс. Бес-алты жылдан кейін бүгінгі көптеген мамандық жойылып, орнына жаңа мамандықтар пайда болады. Біздің бар үмітіміз – жастарда. Қарқынды дамып келе жатқан әлемнен қалып қоймауымыз үшін не істеу керектігін сіздер әрдайым ойлап жүресіздер деп сенемін", – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Фото -

Загрузка...