880

Қазақстанның 2018 жылғы үздік 20 жоғары оқу орнының рейтингі жасалды

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарын анықтады.
Фотография - Қазақстанның 2018 жылғы үздік 20 жоғары оқу орнының рейтингі жасалды Көрнекі сурет

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарын анықтады, деп хабарлайды Today.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

2014 жылдан бастап Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жүргізетін қазақстандық ЖОО-лар рейтингісі маңызды критерийлер шеңберінде бағаланған ҚР-ның үздік университеттерінің тізімінен тұрады:

– талантты студенттер, оқытушылар және зерттеушілерді тарту;
– студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық мобильділігі;
– түлектерді дайындау және жұмысқа орналастыру сапасы;
– ЖОО мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі;
– оқытушылардың, докторанттар мен магистранттардың ғылыми жарияланымдарының бәсекеге қабілеттілігі.

АРТА ұлттық рейтингісі қоғамға білім беру қызметтерінің экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал ететін ЖОО бәсекеге қабілеттігін арттыру құралы ретінде, тұлға ретінде қалыптасу жолында білім алушыларды бағдарлайтын басты ресурс ретінде танылған.

АРТА ұлттық рейтингісіне қатысуға республиканың 75 ЖОО өтініш берді, алайда 17 білім беру ұйымы өтінішті дұрыс толтырмағаны үшін рейтингтен шеттетілді. ҚР 2018 жылғы жалпы рейтингісіне 58 ЖОО, оның 6 ұлттық, 21 мемлекеттік, 7 акционерлік және 24 жеке меншік білім беру ұйымдары кірді.

Цифрлық рейтинг нәтижесі келесі мәліметтерді ұсынуға және түлектерді, ата-аналарды, жұмыс берушілерді, жалпы жұртшылықты және басқа да қызығушылық танытқан адамдарды БАҚ арқылы, АРТА-ның ресми сайты арқылы ақпараттандыруға мүмкіндік берді:

– ТОП-20 ҚР ЖОО-ларының жалпы рейтингісі.
– Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы ЖОО-ларының рейтингісі (бағыттар бойынша);
– Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы ЖОО-ларының рейтингісі;
– PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы ЖОО-ларының рейтингісі;

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жүргізетін ТОП-20 жоғары оқу орындарының жалпы рейтингісі саралаудың маңызды критерийлері бойынша барлық негізгі көрсеткіштердің есебін шығару тәсілі арқылы анықталды.

Көш басындағы алғашқы үштікті мамандарды даярлаудың білім беру бағдарламаларының әрбір бағыты бойынша максималды көрсеткіштерге қол жеткізген ЖОО-лар алды. Рейтингтің келесі орындарын ЖОО үшін басымдықты бағыттар бойынша ұсынылған, мамандарды даярлауға арналған білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілік деңгейі бағаланған ЖОО-лар иеленді.

Қазақстанның үздік 20 ЖОО-ның рейтингісі

ОрынЖООҰпай
1Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті281 259
2Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті148 406
3М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті69 770
4С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
45 799-43 642
5Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті38 458
6Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Тұран университеті
32 238-31 403
7Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Алматы технологиялық университеті
27 775-26 583
8С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
26 431-22 809
9Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
20 663-19 902
10Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Алматы энергетика және байланыс университеті
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
16 923-15 757
11М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
15 024-14 996
12І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Халықаралық білім беру корпорациясы
Нархоз университеті
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
13 920-12 271
13С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
С. Демирель атындағы университет
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
10 612-9038
14Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Рудный индустриалды институты
Семей қаласының Мемлекеттік медицина университеті
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
8482-7062
15Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті
Сырдария университеті
Қазақ технология және бизнес университеті
Шет тілдері және іскерлік мансап университеті
Қазақ спорт және туризм академиясы
А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
6880-5820
16Каспий қоғамдық университеті
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Алматы университеті
Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті
Тұран-Астана университеті
5196-4230
17М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты
Алматы экономика және статистика академиясы
Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль және жол академиясы
3937-3674
18Алматы басқару университеті
Қазақстан-Ресей халықаралық университеті
Қайнар академиясы
3050-2973
19Инновациялық Еуразия университеті
Азаматтық авиация академиясы
2299-1852
20Қазақстан инженерлік-педагогикалық Халықтар достығы университеті
М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті
Атырау мұнай және газ университеті
1771-1459
Загрузка...