Дәурен Абаев тұрғындардың қарапайым сұрақтарына жауап берді

Фотография - Дәурен Абаев тұрғындардың қарапайым сұрақтарына жауап берді

Сурет: kursiv.kz

Астанада ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев тұрғындарға есеп беру шарасын ұйымдастырды.

290 0

Астанада ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев тұрғындарға есеп беру шарасын ұйымдастырды. Ол мекеменің жоспарларымен таныстырып, журналистердің жетіспеушілігіне, телевидениедегі шетелдік контенттің көптігіне және киберспорт үшін интернет жылдамдығының аздығына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Today.kz тілшісі. 

Алғашқылардың бірі болып онлайн-трансляция арқылы ОҚО-дан сұрақ келіп түсті. Облыстық "Оңтүстік Қазақстан" газетінің бас редакторының орынбасары Кеңес Ысмайылов Дәурен Абаевқа дипломы бар орыс тілді журналистердің жетіспейтінін айтты. Кеңестің сөзінше, осының салдарынан жергілікті БАҚ мемлекеттік алып-сату бойынша тендерге қатыса алмай отыр. 

Министр БАҚ басшыларына "журналистерге жақсы жалақы беруді" ұсынды. 

"Бізге талантты кәсіби журналистердің пайда болғаны керек. Аз болса да, сапалы мамандар болса. Сіздің сұрағыңыз бәсекеге қабілеттілік жайында. Бәрін түсінемін, бірақ егер сіздер жақсы айлық берсеңіздер, көп журналист ОҚО-ға тартылатын болады", – деді Дәурен Абаев. 

Өз кезегінде Ысмайылов мемлекеттік тапсырысты алуға кедергі келтіретін қағидаларды қайта қарастыруды ұсынды. 

"Мүмкін арнайы білімі бар журналистің болуы деген бөлімді алып тастау оңай шығар. Біз журналистерді өзіміз дайындаймыз, бірақ диплом бере алмай отырмыз. Және мемлекеттік тапсырыс бойынша тендерге қатыса алмаймыз, өйткені журфак дипломы бар журналистер бізде жоқ", – деді "Оңтүстік Қазақстан" газетінің редакторының орынбасары. 

Бұл сөзге Абаевтың берген жауабы мынау болды. 

"Жақсы, бірақ Абаев Шымкенттің мемлекеттік стандартсыз тендерге қатысуын қолдады дегендей журналистерге айғайлап тұрған тақырып тауып бергім келмейді. Сіздің мәселеңізді түсінемін, бірақ бұдан да зорғысын айтайын, журналистика кейбіреулер үшін тек білім ғана емес, қадір де шығар. Расымен сізде керемет қызметкерлер бар болар. Жеке өзім кәсіби білімі болмаса да жоғары лауазымда отырған адамдарды білемін. Біз бұл сұрақты қарастырамыз", – деді министр.

Келесі сұрақ отандық телевидениеде шетелдік контенттің көбейіп кетуі болды. Министр бұл салада айтарлықтай мәселе көрмейтінін, шетелдік телебағдарламалардың көп болуы жұрттың сұрауына сәйкес екенін жеткізді. 

"Ең алдымен сұраныстың болуына байланысты. Мойындау керек, халық көреді. Тыйым салмаймыз. Бірақ біз альтернативті сапалы қазақстандық контентті ұсынуымыз керек. Мәселе осында ғана. Бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Осы жылы 40 сериал түсіреміз деп ойлаймын. Екі жылдың ішінде 80 сериал болады сонда. Бұл – қомақты қор. Егер жыл сайын біз саны осындай сериал түсіретін болсақ, сан сапаға өтеді. Біздің контент өзге елдердің қызығушылығын оятады. Біздікіне ұқсайтын нарық бар, сондықтан бұл жерде аса ауыр мәселе жоқ", – деді Абаев. 

Министрмен кездесу барысында киберспортшылардың да шағымы айтылды. Ойыншылар интернеттің жылдамды аз екенін жеткізді. 

"Біздің спортшыларымыз әлемдік аренаға шығуы үшін ҚР-дағы киберспорттың дамуы және клиент пен сервер арасындағы кідірісті азайтуға қатысты жұмыстар жүргізіле ме?" – деп сұрады залда отырған жас жігіт. 

Анықталғандай, белгінің кідіріп қалуы қазақстандықтардың шетелде орналасқан ойын серверлерін пайдалануынан. Егер ол ҚР аумағында орналасса, мәселе шешіледі. 

Жас жігіт дәл осындай ақауы бар екі ойынды атады, олар – Counter-Strike пен Dota 2.

Өз кезегінде Дәурен Абаев осы мәселені қарастыруға уәде беріп, жігіттен шағымын жазбаша жолдауды өтінді. 

"Қызық сұрақ екен. Көптеген талантты жас бар екенін білемін. Бұл сұрақты бөлек қарастырайыншы. Киберспорт өте үлкен танымалдыққа ие болып келе жатыр, қомақты қаражат айналуда, ойыншылардың табысы да ұлғаюда. Қарастырып, жұмыстану керек. Оның үстіне біз қазір ауылдарға жақсы интернет орнатып жатырмыз, көптеген дарынды жастарымыз шығады", – деді ҚР ақпарат және коммуникация министрі.




Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?