Ұлыбритания компаниясы БҚО-дағы жобаға инвестиция құю мүмкіндігін қарастыруда

Фотография - Ұлыбритания компаниясы БҚО-дағы жобаға инвестиция құю мүмкіндігін қарастыруда

Сурет: Farmers.kz

Кәсіпорынның құны 3,6 миллиард теңгені құрайды. Алайда қазіргі уақытта жем-шөп жоқтығынан ол бос тұр.

151 0

Қазақстан вице-министрі – ауыл шаруашылық министрі Өмірзақ Шүкеев Dunbia (Ұлыбритания) компаниясының иесі және құрылтайшысы Роберт Джон Добсонмен кездесті, деп хабарлады ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінен. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі жазды. 

"Кездесу кезінде Батыс Қазақстан облысындағы "Crown Батыс" жобасына инвестиция құю, ет өңдеуші зауыттарды басқару, Ұлыбританияда Dunbia компаниясының зауыттарында оқыту, ветеринарлық қауіпсіздік саласындағы консалтинг мәселелері қарастырылды", – делінген хабарламада.

Кездесуге республикадағы Ұлыбритания елшісі Майк Гиффорд, "ҚазАгро" АҚ мен "Қазақстан ет одағының" өкілдері қатысты.

Dunbia компаниясы ет өңдеумен айналысады, оның құрамына Ұлыбритания мен Ирландияның 25 кәсіпорны енген, оларда 1 миллион аса ірі қара мал басы мен 3 миллион қой бар. Компанияның әлемнің әр түрлі елдерінде 50-ден аса өкілдігі ашылған.

"Crown Батыс" ЖШС — БҚО Зеленов ауданындағы Янайкино селосындағы ірі қара малдың 8640 басын бордақылауға арналған орын, 2010 жылы ашылған. Кәсіпорынның құны 3,6 миллиард теңгені құрайды. Алайда қазіргі уақытта жем-шөп жоқтығынан ол бос тұр.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?