1265

Ораза кезінде система салдыруға бола ма – Оразада жиі қойылатын сұрақтар

Абдусамат Қасымның "ораза жайында жиі қойылатын сұрақтар" атты мақаласынан үзінді беруді жөн көрдік.
Фотография - Ораза кезінде система салдыруға бола ма – Оразада жиі қойылатын сұрақтар Сурет: tonkosti.ru

Мұсылман қауым үшін қасиетті Рамазан айы басталды. Ораза басталысымен ораза туралы сұрақ та көбейеді. Today.kz сайты ораза туралы жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптарды жинастырып көрді. 

Islam.kz сайтына шыққан Абдусамат Қасымның "ораза жайында жиі қойылатын сұрақтар" атты мақаласында біраз пайдалы ақпарат айтылған. Ендеше ең көп қойылатын сұрақтарды оқиық. 

Науқас адам оразада не істейді?

Алла тағала құлына тек күші жететін нəрсесін ғана міндеттейді. ("Бақара" сүресі, 286-аят). Өйткені, Ұлы Жаратушы иеміз бізге ауырлық емес, жеңілдік қалайды. Сондықтан Алла ауырған адамға ораза тұтпауына рұқсат берген. Бұл жайында Құранда былай делінген: "Рамазан айы туғанын көрсеңдер ауыздарыңды бекітіңдер. Ал кімде-кім, сырқаттанса немесе жолға шықса (аузын ашуына рұқсат) басқа күндері қаза етсін. Алла сендерге ауырлық емес, жеңілдік тілейді..!" ("Бақара" сүресі, 185-аят). Тағы бір аятта: "Өз-өздеріңді қауіп-қатерге итермелемеңдер", – дейді. Осы жəне басқа аяттарды негізге ала отырып ғалымдар: "Науқас кісінің ораза тұтпауы кейде уəжіп, кейде мубах (рұқсат) болады. Егер науқас кісінің ораза ұстауы өлімге алып келер бол- са, бұл адамның ораза ұстамауы уəжіп (міндет). Ал егер ауыз бекітуі сырқатын арттырар болса немесе жазылуын баяулатар болса бұл жағдайда ораза ұстамауына рұқсат", – деп үкім шығарған. Ендеше, ораза ұстай алмайтындай сырқат болсаңыз сізге ораза ұстау парыз емес. Бірақ науқасыңыздан айығып, ауыз бекітуге шамаңыз келген кезде тұтпаған күндеріңізді қаза етіп өтейсіз. Бұл кəффарат (арасы үзілмей ұсталатын) өтеміне жатпайтындықтан, бөліп- бөліп тұтсаңыз болады. Ал, бұған да денсаулығыңыз жарамаса, онда оразаның əр күніне фидия төлейсіз. Фидия төлеуге де шамаңыз жетпесе, Алла мейрімді, кешірімді. Пендеге күші жетпейтін нəрсені міндеттемейді. (Шариғатта ауруларының айығуы үміт етілмеген жандар мен ораза ұстауға шамасы жетпейтін қарт кісілер (ұстамаған оразасын қаза ете алмаса) рамазанның əр бір күні үшін бір кедейді тамақтандырады. Бұны "фидия" дейді). 

Ораза кезінде система салдыруға бола ма? 

Кей жағдайларда табиғи жолдармен қоректене алмайтын кісілерге денені азықтандыру үшін инъекция (денеге дəрі жіберу) жасалып жатады. Сондықтан да, қазіргі таңдағы ғалымдарымыз мұндай ине салу немесе система алу оразаны бұзады дейді. Ал, одан өзгелері азық болмағандықтан əрі табиғи жолдармен асқазанға түспегендіктен оразаны бұзбайды деп отыр. Ендеше, ем үшін салғызатын ине салу мен система алу оразаңызды бұзбайды. Алайда, оразадан əлсіреген денеге қуат беретін дəрі егуге аузы берік кісіге рұқсат жоқ. Ондай дəріні тек ауыз ашқаннан кейін ғана егуге болады. 

Сағыз шайнау оразаны бұза ма? 

Сағыздың дəмінен ауызда тəтті сұйықтық пайда болып, ол асқазанға түсетіндіктен, ораза бұзылады. Əрі бұл азық қатарына жататындықтан, бұған кəффəрат қазасын өтеуіңізге тура келеді. Яғни, сағыз шайнап, тəтті сұйықтықты жұтқан адам рамазан айынан кейін екі ай үзбестен ораза ұстайды. Бұл жаңа сағыз үшін. Ал, бұған дейін шайналған, тəтті дəмі қалмаған ескі сағызды шайнауға келетін болсақ, бұл мəкрүһ болып саналады. Егер сағызды ораза кезінде ауыздағы жағымсыз иісті кетіру мақсатында шайнағыңыз келсе, бұдан басқа тəсілдерге жүгінуге кеңес береміз. Атап айтсақ, сағыздың орнына мисуак немесе тіс пас тасын қолдансаңыз болады. Тек тіс пастасының көбігін жұтып қоймауды қатаң қадағалаңыз. Ал егер байқаусызда ішке кетіп қалған болса, онда сол күнгі орзаның қазасын ғана өтейсіз. Кəффəрат керек емес. Себебі, тіс пастасы азыққа саналмайды. 

Оразада тіс пастасын қолданса бола ма? 

Ораза ұстаған адам аузын тазалауына болады. Тіпті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Аузы берік кісінің тіс тазалағышы ол – мисуак", - деген. Десе де, шариғатта аузы берік кезде себепсіз бір нəрсенің дəмін тату не шайнау – мəкрүһ, яғни ұнамсыз іс. Бұған байланысты кей ғалымдар тіс пастасын қолданарда ішке кетіп қалмауын қадағалағанмен, оның дəмі, бəрібір, ауыз қуысында ұзаққа сақталып қалады. Сондықтан ораза ұстаған адамға тіс пастасы да мəкрүһ деген пікірде. Алайда: "Оны қолдануға рұқсат. Тек ішке кетіп қалмауына көңіл бөлсін",- деген ғалымдар да жоқ емес. Ендеше, ішке кетіп қалу ықтималдығы болғандықтан, аузы берік кезде тіс пастасын қолданбаған абзал. Ал, қолданғысы келген кісілер, ішке кетіп қалмау жағын қатаң ескергені жөн. Себебі, ол ішке кетіп қалса, оразаны бұзады.

Загрузка...