"Болашақ" бағдарламасымен шетелдік қай университетке түсуге болады – жаңа тізім

Фотография - "Болашақ" бағдарламасымен шетелдік қай университетке түсуге болады – жаңа тізім

Көрнекі сурет

Қазақстандықтар "Болашақ" бағдарламасы арқылы оқи алатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі жарияланды.

159 0

Қазақстандықтар "Болашақ" бағдарламасы арқылы оқи алатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі жарияланды, деп хабарлайды Today.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 4 сәуірдегі бұйрығына сәйкес, "2018 жылғы "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы бұйрығына өзгеріс енгізілді.

"2018 жылғы "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын", – делінген бұйрықта. Тізімнің толық нұсқасын adilet.zan.kz сайтынан қарауға болады.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?