Назарбаев "Яндекс" жетекшісі Волождың Қазақстанның тумасы екенін атап өтті

Фотография - Назарбаев "Яндекс" жетекшісі Волождың Қазақстанның тумасы екенін атап өтті

Сурет: akorda.kz

Қазақстан Президенті "Яндекс" компаниялар тобының жетекшісі Аркадий Воложбен кездесті.

188 0

Қазақстан Президенті "Яндекс" компаниялар тобының жетекшісі Аркадий Воложбен кездесті,  деп хабарлайды Today.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Нұрсұлтан Назарбаев Аркадий Волождың Қазақстанның тумасы және оның ТМД-дағы цифрлық экономиканы алғаш қолға алғандардың бірі екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы цифрландыру саласында ресейлік компаниялармен бірлесе жұмыс жүргізудің маңыздылығына тоқталып, Алматыда тақырыптық форум өткенін айтты.

Аркадий Волож Ресейде де, Қазақстанда да жаһандық және жергілікті компаниялар бір нарықта ашық жұмыс жүргізу үшін қалыптасқан қолайлы жағдайды пайдалана білу керектігін атап өтті.  

Әңгімелесу барысында тараптар ІТ-хаб және "Астана" халықаралық қаржы орталығы аясындағы ынтымақтастық мәселелерін де талқылады.

Фото -



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?