2494

Ата-ана да, оқушы да, ұстаздар да толқып жүр. Астанада соңғы қоңырау қалай өтті

Соңғы қоңырау... 25 мамыр... Бұл күнді әсіресе биылғы мектеп түлектері асыға күтеді.
Фотография - Ата-ана да, оқушы да, ұстаздар да толқып жүр. Астанада соңғы қоңырау қалай өтті Сурет: ©Анель Әбілқайырова

Соңғы қоңырау... 25 мамыр... Бұл күнді әсіресе биылғы мектеп түлектері асыға күтеді. Жаңа өмір табалдырығын аттауға жолдама беретін соңғы қоңырау сыңғыры олар үшін соңғы рет соғылады. Бұдан кейін мектеп деген ыстық ұяны сары сағынышпен еске алатын түлектер бұл күнді барынша тәтті етіп өткізгілері келеді. Today.kz тілшісі Астанадағы ескі мектептердің біріне барып, соңғы қоңыраудың ауасын жұтып келді. 

Күн шақырайып шығып тұр. Оқушылар көңілді. Ұстаздар да өзінше риза. 

Фото -

Бір-бірін бауырына басқан оқушылар ерекше толқып жүр. 

Фото -

№28 мектептің ауласы ән мен жырға, күміс күлкіге толы. 

Фото -

Ал бір жылға есейген оқушылардың жүректері үкілі үмітке тұнып тұр. 

Фото -

Бұл да бір бақыт сынды. Бір белесті артқа тастап, екінші белеске аяқ басудың өзі тамаша қуаныш. Оқушыларды алдымен мұғалімдер мен директор құттықтады. Кейін бірінші сынып оқушылары таңдайы тақылдап тәлімді тақпақ айтты. Балапан бүлдіршіндердің өнеріне жиылған жұрт ду қол соқты. 

Фото -

Оныншы сынып оқушылары түлектерге арнап қоштасу вальсін биледі. Биыл вальс билеген бұл түлектер келесі жылы мектеппен мәңгіге қоштаспақ. 

Фото -

Оқу үздігі бұл мектептің өздері үшін аманат екенін айтты. "Мектеп абыройын түсірмей сақтаймыз!" - деді ол. 

Фото -

Түлектер де айналып вальс биледі. Фото -

Дәл қазір ешқайсысы да ҰБТ мен емтихан жайлы ойлап тұрған жоқ. Бәрі көңілді... 

Фото -

Енді олар мектепке оқушы болып кіре алмайды. Енді олардың өмірлері жаңа парақшадан басталады. Бірнеше айдан кейін бірі шетел асса, екіншісі Отанында қалып, үшіншісі отбасын құруға қамданады. Тағдыр кімге қандай сый дайындап қойғаны беймәлім... 

Фото -

Оқу үздігі иығына бірінші сынып оқушысын отырғызып алып, алаңға аяңдай басып келеді. Осынау салтанатты рәсім де өзінше көркем. Соңғы қоңырау соғылды... 

Фото -

Осымен бәрі тәмам. Он бір жылдық мектеп өмірі өткеннің еншісінде қалды. Ата-аналардың да көздеріне жас іркілді. 

Фото -

"Ересек өмірге қадам басқан" жігіттер қандай да сынаққа төтеп беруге дайын секілді. 

Фото -

Ал қыздар енді құлпырған қызғалдақтай нәзік бойжеткенге айналады. 

Фото -

Бұл күн әркімнің ойында өмір бойы сақталады. Бұл күн ұмытылмайды. Өйткені мектеп қабырғасы әр адамның бойына білім мен тәрбие дәнін қатар егетін жылы ұя. 

Фото -

Осынау жылы ұядан түлеп ұшқан қарлығаштар әлемнің қай түкпіріне қонақтаса да, алғашқы ұстазын, өзі отырған партасын, сыныптастарын әрдайым сағынышпен еске алып отыратын болады. Мектептің құдіреті сол, ол ешкімді алаламайды, бәрін бірдей бауырына басып, әкелік те, аналық та қамқорлығын танытады.

Тарыдай болып кіргенде таудай етіп шығарған алтын ұяның әр тасында түлектер мен ұстаздардың өмір жолы сақтаулы.